Негізгі бет
Жаңалықтар
25.09.2016
«Діни экстремизм және терроризмге қарсы тұру: кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел
2016 жылдың 23 қыркүйегі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық Заң академиясымен бірлесе «Діни экстремизм және терроризсмге қарсы тұру: кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға бір топ ғалымдар, сот, прокуратура, Ішкі істер департаменті, Дін істері басқармасы сияқты мемлекеттік орган өкілдері, дінбасылары, саясаттанушы, эксперттер мен студент жастармыз қатысты. Дөңгелек үстелдің мақсаты: қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою, болдырмау, алдын алу, әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардың қаупін, келтірер залалын ашып түсіндіру. Жиында сөз бастаған «Ауыл» ХДПП-ның төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев дінге қатысты енгізілген өзгерістер қоғамдық деңгейде талқыланып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ «Ауыл» ХДПП-ның төрағасының орынбасары Төлеген Сыдықов, партия активі және Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясының ректоры Өмірәлі Жалаири бастаған академияның оқытушылық-профессорлық құрамы, ғылыми қауымдастық өкілдері, студент жастар, мемлекеттік орган өкілдері де қатыса отырып, өздерінің ойларын пікірлерін қатысушылармен алмасты. Сондай-ақ, дөңгелек үстелде маңызды баяндамалар жасағандар арасында з.ғ.д., профессор Исаев Әджімұрат Алыбайұлы болды. Қазіргі таңда көпшілікке мәлім көптеген мелекеттерде, оның ішінде батыс мемлекеттерінде діни экстремизмнің алдын алу және жастардың оқу орындарында алған діни және де әлеуметтік біліктіліктерін дұрыс бағытта қолдануға байланысты зор, ауқымды шаралар өткізілуде. Бұндай келеңсіз және бұрыс насихаттамаларды жоюдың немесе ең болмағанда алдын алудың бірден-бір жолы, жастарымыз арасында ұлттық қазақ халқына тән дәстүрлермен жақын таныстыратын жоғары оқу орындарында арнайы тәрбие сағаттарын жиі өткізу, жалпы БАҚ құралдарында ұлттық құндылықтарды алға қоятын және білім-ғылымға шақыратын арнайы проектілерді арттыру оң нәтижесін береді.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
|