қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2021

Шұғыл медициналық көмек бойынша тренинг

 

2021 жылдың 16 сәуірінде Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті мен Денсаулық сақтау пунктінің бірлесіп ұйымдастыруымен шұғыл медициналық көмек бойынша «Жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында тренинг өтті.


Іс-шараны Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департамент директорының м.а. Қазына Бекбенбетова ашып, шұғыл көмек көрсетуде практикалық дағдыларды тұрақты игерудің маңыздылығы мен қазіргі карантиндік жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаудың өзектілігін атап өтті. Университет қызметкерлері мен студенттері университеттің басты құндылығы болып табылады, ал медициналық қызметкерлердің білікті іс-әрекеттері төтенше жағдайлар туындаған жағдайда адамның өмірі мен денсаулығын сақтай алады.


Оқытуды AHA (BLS, ACLS, PALS, PHTLS) халықаралық сертификаттары бар нұсқаушы-жаттықтырушы, университеттің дәрігері Жанғазиев Шынғыс жүргізді.


Шұғыл медициналық көмек тренингтері алдағы уақытта жүйелі өткізіліп тұрады. Аталған тренингке Денсаулық сақтау пунктінің дәрігері Алия Жаббарханова және оқу корпустарындағы медицина бөлімшелердің орта медициналық қызметкерлер құрамы қатысты.


Тренингке қатысушылар қан айналымын тоқтатудың себептері және естен тану кезіндегі алғашқы көмек, қан айналымы тоқтау кезінде кеуде компрессиясын ерте бастаудың маңыздылығы, жедел жәрдем шақыру ережелері, жүрек жұмысының белгілері, кеуде компрессиясын орындау және жасанды тыныс алу ережелері туралы білімдерін жаңартты.

 

   

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және
жастар саясаты департаменті