қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.04.2021

«Түркістан - Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференция

 

Түркістан - Қазақ хандығының астанасы болған, тарихы тереңде жатқан шаһар. Бұл қалада ұлтымыздың тағдыры талқыланып, түрлі шешім қабылданған. Қазақтың небір ұлы тұлғалары дүниеге келген мекен.

 

2021 жылы 16 сәуірде Елбасы кітапханасында «Түркістан - Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті. Онда 2021 жылғы 31 наурызда өткен Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бейресми саммитінің тарихи қорытындыларын сараптамалық деңгейде талқылады.

 

Жиынға қазақстандық және шетелдік мемлекет қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

 

Университетіміздің белсенді жастары халықаралық шараға онлайн қатысып, Түркістан қаласы туралы тың деректер мен мазмұнды ақпараттар алды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бастамасымен ұйымдастырылды.

 

    

 

    

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департаменті