қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.04.2021

«Абай» бастауыш партия ұйымының жиналысы

 

2021 жылғы 21 сәуірде «Абай» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды: «2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстар нәтижесі және «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалының XXVIII есептік-сайлау конференциясына делегаттарды сайлау».

 

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша БПҰ төрағасы Такир Балықбаевтың «2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстар туралы» есебі тыңдалды.

 

Такир Оспанұлы «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» секілді негізгі партиялық жобаларды іске асыру бойынша бастауыш партия ұйымының атқарған жұмыстары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызмет туралы ақпарат берілді.

 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша партия белсендісі, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев сөз сөйлеп, партияластарға «Nur Otan» партиясы Медеу аудандық филиалының XXVIII есептік-сайлау конференциясына делегат ретінде «Абай» БПҰ төрағасы Такир Балықбаевтың кандидатурасын ұсынды. Сонымен қатар, ол өткен ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі Мәслихат депутаттарын сайлау науқаны барысында жүргізілген жұмыстар туралы қысқаша айтып өтті.

 

«Абай» БПҰ мүшелері «Nur Otan» партиясының Медеу аудандық филиалының конференциясына делегат ретінде Такир Балықбаевтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.

 

Есеп презентациясы

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департаменті