Негізгі бет
Жаңалықтар
22.04.2021 Физикалық процестерді модельдеу бойынша конкурс қорытындысы
2021 жылғы 21 сәуірде «Ғылым айы» іс-шарасының аясында кафедрамыздың қауымдастырылған профессоры В.Б. Рыстыгулованың ұйымдастыруымен «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» конкурсы өткізілді.
Венера Рыстыгулова өзі ұзақ жылдар бойы «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» арнайы курсын оқытады және білім алушыларға физикалық құбылыстар негізінде бағдарламалау дағдыларын үйретеді.
Конкурстың мақсаты - студенттердің «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» пәнінен алған білімдерін нақты іс-әрекетте көрсетуге, ғылыми-зерттеу және коммуникациялық құзіреттіліктерді дамыта отырып, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауға, командалық жұмысты меңгеруге мүмкіндік беру.
Конкурсқа қатысушылар - «Физикалық процестерді компьютерлік модельдеу» пәнін 2 семестрде оқып жатқан ФЕК-191, 192 топ студенттері. Студенттер арасынан 4 команда жасақталған: Команда № 1. «Оптимистер» командасының капитаны - Азым Гүлнұр, құрамында Амиралі Рахима, Қараней Данагүл, Алдихан Гүлдана. Команда № 2. «Эврика» командасының капитаны - Аюпхан Саяуш, құрамында Айтақын Назым, Дүйсебай Гүлбану, Жүсүпәлиева Мәдина. Команда № 3. «220 V» командасының капитаны - Орынбай Жансая, құрамында Қияқбай Әсемай, Әшімжан Шадыман, Нагашбаева Гулнур. Команда № 4. «РascalABC» командасының капитаны - Тулендиева Баян, құрамында Мухаммедин Айнур, Қыдырхан Динара, Сайлаубеккызы Мадина.
Конкурсты бағалаған әділ қазылар алқасы: кафедра меңгерушісі Владимир Косов,аға оқытушылар Бекболат Ташев, Диана Насирова.
Конкурс қорытындысы бойынша І жүлделі орынды «РascalABC» командасы; ІІ жүлделі орынды «220 V» командасы; ІІІ жүлделі орын «Эврика» және «Оптимистер» командалары иеленді.
|