қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.09.2016

«ТІЛ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» апталығы

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығы аясында Тілдері күні мерекесіне орай «ТІЛ - ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» атты апталық ұйымдастырды.
Бұл шара, ҚР халықтарының Тілдер мерекесіне қызығушылықты арттырып, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениетіне қоғам арасында қызығушылық қалыптастыру мақсатын көздеді.
Шара бастамасында алғы сөзді университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ешенқожаұлы сөйлеп, білім ордамыздың барлық оқытушылар құрамы мен студенттерді ҚР халқының тілдері күні мерекесімен құттықтап, ұлттық тіліміздің мәртебесін көтеруде әрқашан белсенді болуға шақырды.
Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын ерекше, әмбебап құрал. Сондықтан, мемлекет Президенті, елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, жауапкершілікпен атқарылатын тіл саясаты қоғам бірлестігінің факторы.
Тіл - достықтың тірегі, тіл - ұлттардың жақындасуын туғызатын, ерекше құрал. Ұлы Абай айтқандай: «Тіл білген адам қор болмайды. Ел мен елді, халық пен халықты байланыстыратын көпірдің бірі де осы - тіл» деп бекер айтпаған.
Дәстүрлі жылда өткізілетін мәдени шара қыркүек айының 16-нан 23-не дейін жалғасты. Алдын-ала бекітілген жоспар бойынша, университеттің барлық институттарында арнайы дөңгелек үстелдер, кездесулер, конкурстар, концерттік бағдарламалар болды.
Аталған шарада «Жеті жұрттың тілін біл» атты акция ұйымдастырылып, «Бірлік» студенттік ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл - халықтар достығының тірегі» атты концерттік бағдарлама қойылды.
Шара соңында студенттер университет әкімшілігінен мақтау қағаздары мен сыйлықтар алды. Сондай-ақ, студенттерді біріктіріп, мерекелік шараға дайындаған жетекшілері де алғыс хаттардан шет қалған жоқ.

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы