қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті самбо күресінен ҚР чемпионатының жеңімпазы атанды

 

2021 жылдың 22-26 сәуір аралығында Семей қаласында самбо күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

 

Жарыстың басты мақсаты - Азия мен Әлем чемпионаттарына қатысатын еліміздің командасын жасақтау, салауатты және белсенді өмір салтын насихаттау, спортты дамыту, жастар арасында достық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Жарысқа барлығы 10 салмақ дәрежесінде 300 балуан қатысты. Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Өнер, мәдениет және спорт институты «Дене шынықтыру және спорт» кафедарасының 1-ші курс студенті Азим Аяжан 47 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алдағы болатын халықаралық жарыстарға жолдама алды.