қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.04.2021

«Абайдың асыл мұрасы» қалалық оқушылар конкурсының жеңімпаздары анықталды

 

2021 жылдың 01-27 сәуір аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Рухани жаңғыру» орталығы және Студенттік ректоратының ұйымдастыруымен қалалық мектеп оқушыларының Абай өлеңдерін жатқа оқудан «Абайдың асыл мұрасы» конкурсы өтті.

 

Өскелең ұрпаққа Абай Құнанбайұлының мұраларын кеңінен насихаттау, қазақ және әлем әдебиеті классигінің туындыларына баулу мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа Алматы қаласының 185 мектебінен 300-ге жуық бейне жұмыстар келіп түсті.

 

Конкурс Ережесіне сәйкес, көркемдік мәнерде оқыған шығармашылық бейне жұмыстар арнайы жұмыстық комиссия мүшелерімен тексеріліп, үздіктері анықталды.

Сонымен, «Абай өлеңдері» номинациясы бойынша III орынды - №149 Жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Серік Нұржан иеленсе, №108 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Тоғаева Аружан II орын иегері атанды. Ал №140 гимназияның 11-сынып оқушысы Парух Гүлім бәсекеде алға суырылып шығып, қанжығасына I орынды иеленді.

 

Сондай-ақ, «Шет тілдерге аударылған Абай өлеңдері» номинациясы бойынша III орынды - №29 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Тойшибекова Вилана иеленді. Ал II орын иегері О.Жандосов атындағы №105 гимназияның 11-сынып оқушысы Бердниченко Валерия атанса, I орынды №156 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Әкімбай Ақмейір қанжығасына байлады.

 

Жеңімпаздар университет ректорының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Жүлделі орындарды табыстау рәсімін онлайн форматта Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асан Адасбекұлы Сәтмырзаевтың қатысуымен жүзеге асты.

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» орталығы

Студенттік ректорат