қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Момбек Алия Ануарбековна

Момбек Алия Ануарбековна

 

Момбек Әлия Әнуарбеккызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры, Халықаралық педагогикалық білім академиясының корреспондент-мүшесі (ХПБА), Музыкалық білім тарихы мәселесі бойынша Ғылыми кеңестің мүшесі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (ХАА), РОӘК ОӘБ «Музыкалық білім» мамандыңы бойынша мүшесі, шетелдік ғылыми журналдардың редакциялық алқасының мүшесі (Германия, Ресей, Украина).

1975 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын «Музыка және ән айту» мамандығы бойынша бітіріп, балалар музыка мектебіне фортепиано сыныбының оқытушысы болып еңбек жолын бастады. 1978 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтына жұмысқа шақырылды (ассистент, оқытушы, аға оқытушы, музыкалық білім кафедрасының меңгерушісі).

1999 жылы мақсатты аспирантураға түсіп, 2003 жылы «Болашақ музыка мұғалімінің аспаптық дайындығының кәсіби-педагогикалық бағыты» атты кандидаттық диссертациясын қорғады

2003 жылдан ҚазМемҚызПИ оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекші маманы (ғылыми хатшы), аға оқытушысы, музыканы оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының доценті. 2004-2007 жылдары-Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты.

2008 жылдың сәуір айында ҚазМемҚызПУ Музыкалық білім және мәдениет факультетінің деканы болып тағайындалды. 2009 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметіне шақырылды.

2012 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды, 2015 жылдан бастап «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторының орынбасары болды. 2021 жылы конкурста Абай атындағы ҚазҰПУ Музыкалық білім және хореография кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а. лауазымын иеленді.

Үкіметтік және аттестаттау комиссияларының жұмысына қатысушы, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантын тағайындау бойынша конкурсқа қатысушылардың құжаттарының сарапшысы, педагогика және психология секциясы бойынша ғылым саласындағы атаулы сыйақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындау жөніндегі сарапшы, ARQA білім сапасын аккредиттеу және сараптау тәуелсіз агенттігінің сарапшысы және т.б.

Момбек Ә.Ә. 180-нен астам ғылыми жарияланымдардың (монографиялар, оқу-әдістемелік құралдар, ҒЖБССҚК Басылымдар тізіміндегі, WoS, Scopus базасындағы журналдардағы мақалалар және т.б.) авторы. Хирш индексі 3.

Марапаттары: «Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 90 жыл» мерейтойлық төсбелгісі, «ӨМСИ-ге 50 жыл» мерейтойлық төсбелгісі, ҚР «Білім өркениетінің» «ҚР Еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгіс және ТМД елдерінің халықаралық жобасының «Үздік ғылыми қызметкер-2023» 1-дәрежелі дипломы, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» ҚР төсбелгіс, Абай атындағы ҚазҰПУ «Үздік қызметкер» төсбелгісі және «Үздік ұстаз» төсбелгісі.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау күні

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты

Музыка және ән мұғалімі

02 шілде 1975 жыл

(тіркеу нөмірі 7013)

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02 - Оқыту теориясы мен әдістемесі (Бастауыш, орта және жоғары білім беру жүйесіндегі музыка)

20 маусым 2003 жыл

(№8 хаттама)

 

ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ

Ғылыми атағының атауы

Берілген күні

Абай атындағы ҚазҰПУ қауымдастырылған профессоры м.а.

2021 жыл

 


← Кері оралу