қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Мәлімбай Самат Түгелбайұлы

Мәлімбай Самат Түгелбайұлы

 

Туған күні, жылы: 28.02.1963 ж, Алматы обл. Кербұлақ ауданы, Қоянкөз а.

Ұлты: Қазақ

Отбасылық жағдайы: Үш баланың әкесі

Мамандығы:  Дирижер, концерттік орындаушы, оқытушы

Атағы: ҚР Мәдениет қайраткері, Алматы обл., Кербұлақ ауданының «Құрметті Азаматы»

БІЛІМІ:

1977-1981 ж.ж П.И Чайковский атындағы Алматы саз колледжі

                          Мамандығы - домбыра-прима, музыка мұғалімі, үйірме жетекшісі

1981-1986 ж.ж Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясы

                      Мамандығы - халық аспаптар оркестрінің дирижері, домбыра-прима,концерттік орындаушы, оқытушы

ЕҢБЕК ӨТІЛІ:

1984-1986 ж.ж Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясында "Отырар сазы" оркестрінің әртісі

1986-1988 ж.ж Алматы облыстық филармониясында «Адырна» фольклорлық ансамблінің әртісі

1988-1992 ж.ж Алматы облыстық филармониясында «Сазген» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Сүйінбай атындағы оркестрдің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және бас дирижері

1991-2001 ж.ж Алматы облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі және бас дирижері

2001-2003 ж.ж. Ж.Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің оқытушысы

2002-2016 ж.ж. Қазақконцерт бірлестігінде «Әлқисса» ұлт аспаптар ансамблінің ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі және дирижері.

2003-2008 ж.ж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы

2004 жылы - Атырау қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық театрда «Мұрагер» фольклорлық ансамблін ұйымдастырды

2006-2007 ж.ж Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясында Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы - этнографиялық  «Отырар сазы» оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері

2011 жылы - ШҚО, Көкпекті ауданында «Толағай сазы» ұлт аспаптар оркестрін ұйымдастырды

2011 жылдан - Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы

БІЛІКТІЛІГІ:  Тіл білімі - мемлекеттік қазақ тілі мен орыс тілінде еркін

сөйлейді, компьютер біліктілігі - Word, Sibelius, Nuendo бағдарламалары

Қосымша мәліметтер: Халық Қаһарманы, Кеңес одағының халық әртісі, композитор Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті, 350-ге тарта шығармаларды оркестрлер мен ансамбльдерге өңдеп түсірген. Соның ішінде - симфониялық увертюра мен спектакльдердің музыкалары, әндер, күйлер, билер және өзінің төл шығармалы бар, партитуралары жинақ болып оқу құралы ретінде шығарылуда.  

 


← Кері оралу