қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
04.05.2021

«Оқулық - білім арнасы» онлайн-семинары

 

2021 жылғы 30 сәуірде ZOOM платформасында «Латын» ғылыми-практикалық орталығы жанындағы «Тілтұмар» бірлестігінің ұйымдастыруымен «Оқулық - білім арнасы» онлайн-семинар болып, баспадан шыққан монография, оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал және нұсқаулықтан тұратын оқулықтар кешенінің тұсаукесері өтті.

 

Шара барысында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты тіл мәдениеті бөлімінің меңгерушісі Әміржанова Назира «Латынәліпбилі қазақ жазуы: тілтаным, әдістаным» монографиясын, Қазақ-Британ университетінің қауымдастырылған профессоры Дәулетбекова Жанат «Латынәліпбилі қазақ жазуы: әдіснама мен әдістеме» оқу құралын, қауымдастырылған профессор Рахметова Райгүл «Латынәліпбилі қазақ жазуы: педагогикалық парадигмалар» оқу-әдістемелік құралды, қауымдастырылған профессор Рауандина Айтжамал «Латынәліпбилі қазақ жазуы» әдістемелік нұсқаулықтың мазмұны мен құрылымын таныстырды. Кітап авторлары мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді. Латынәліпбилі жазуды меңгеруге қатысты сабақ үлгілері талқыланды.

 

Тұсаукесерге мектеп мұғалімдері, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты.