Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тарихы: өткені мен бүгіні
Ірі тарихи және мәдени құндылықтардың мұрагері, зияткерлік ортаның ордасы, қазақтың тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындығы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы -қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы атанған, отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы боп саналатын университеттің байырғы бөлімшесі және де республикадағы кәсіби, филолог-педагог маман даярлайтын жетекші ұжымдардың бірі.
Кафедраның іргетасын қалаған - қазақтың біртуар ұлдары, Алаш зиялылары:
А.Байтұрсынұлы (1928-1929жж.) Қ.Жұбанов (1932-1937жж.) 1937 жылы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедралары өз алдына отау құрып, жеке кафедра болып бөлініп шықты. (кітап түрінде)
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі - п.ғ.д., доцент Ж.Т.Дәулетбекова
Кафедрада қызмет атқарған ұлт зиялылары: С.Сейфуллин, Т.Шонанов, С.Асфендияров, М.Әуезов, С.Мұқанов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Е. Исмайылов, М.Қаратаев, Т.Нұртазин, А.Тоқпанов, М. Мырзахметов, М.Мағауин, С.Мақпырұлы, Н.Келімбетов, Ғ.Қалиев, Д,Әлімжанов, А.Әбілақов, Н.Оралбаева, т.б.
|