қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.05.2021

Самбодан ҚР ХІ жазғы универсиадасы

 

2021 жылдың 2-6 мамыр аралығында Түркістан қаласында самбо күресінен студенттер арасында Қазақстан Республикасының ХІ жазғы универсиадасы өтті. Жарысқа барлығы 12 команда қатысты.

 

Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, спорт пен самбоны дамыту, жастарды достық пен өзара түсіністік рухында тәрбиелеу, алдағы халықаралық жарыстарға команда қалыптастыру.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ командасы 2 орынға ие болды. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының студенттері жүлдегер атанып, алдағы халықаралық жарыстарға жолдама алды. Жаттықтырушы - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, аға оқытушы Сағындықов Жомарт.

 

Самбодан ерлер арасында Абай атындағы ҚазҰПУ командасы:

1.Шойынбаев Сейтжан (64 кг, 1 орын)

2.Сұлтанбай Еламан (71 кг, 3 орын)

3.Жұмахан Диас (71кг, 3 орын)

4.Сатыбалдиев Жандос (88 кг, 3 орын)

5.Тоқтар Бауыржан (98 кг, 3 орын)

6.Қайсарбай Арыс (98 кг, 3 орын)

Самбодан әйелдер арасындағы Абай атындағы ҚазҰПУ командасы:

1.Құрманбай Балнұр (59 кг, 1 орын)

2.Қайратқызы Анель (65 кг, 1орын)

3.Кенесары Аружан (72 кг, 2 орын)

4.Абенова Арайлым (80 кг, 1 орын)

5.Аюпова Гузаль (50 кг, 3 орын)

6.Жолдасова Динара (54 кг, 3 орын)

7.Азим Аяжан (50 кг, 3 орын)