Негізгі бет
Жаңалықтар
14.05.2021 «Бір үйдің баласындай» қайырымдылық акциясы
2021 жылдың 12 мамыры күні №8 жатақханада «Бір үйдің баласындай» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашты. Өз сөзінде проректор шетелдік білім алушыларға университетімізде жүргізіліп жатқан тәрбие-әлеуметтік жұмыстар туралы айтып өтіп, алда келе жатқан Қасиетті Ораза айтымен құттықтады.
Акция барысында пандемиялық жағдайға байланысты елдеріне қайта алмай жатақханада қалған шетелдік студенттерге азық-түлік себеттері табысталды. Қасиетті Оразаның соңғы күніне тап келген қайырымдылық шара студенттерге жақсы көңіл күй сыйлады. Өз кезегінде Түркменстандық білім алушы Тачмырадов Мақсат университет басшылығына көрсетіп жатқан қолдауы үшін дән ризашылығын жеткізді.
Қайырымдылық шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университетіміздің ректоры Такир Балықбаевқа және Қызметкерлер Кәсіподағы ұйымына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департраменті
|