Негізгі бет
Жаңалықтар
14.05.2021 Мектеп пен университет арасындағы сабақтастық
Кездесу барысында мектеп директоры Ш. Умаров университеттің профессор - оқытушылар құрамына №153 мектеп-гимназиясының тарихы, мұражайы, заманауи цифрлы техникамен жабдықталған кітапханасы, дәріс кабинеттерімен таныстырды.
Кездесу мәжіліс залында жалғасып, Абай университетінің шетелдік университеттер рейтингіндегі орны, бүгінгі күнде қол жеткен жетістіктері жайында және институт, кафедра мамандықтары бойынша жан-жақты мағлұмат берілді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйғыр тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша педагог дайындайтын республикадағы бірден-бір оқу орны екендігін атап өтті. Бұл ЖОО-да соңғы 2 жылда «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандығы мен «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Тарих», «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі», «География» мамандықтары негізінде қос мамандық дайындайтын білім бағдарламалары жасалып жатқаны туралы мәлімет берілді. Университет оқытушылары мектеп мұғалімдерімен сұхбаттасып, «Ұйғыр тілі мен әдебиеті» мамандығы туралы келелі әңгіме өткізді, екіжақты келісім-шартқа қол қойды. Келісім-шарттың мақсаты - шығыс филологиясы және аударма кафедрасы мен №153 мектеп-гимназиясының ұйғыр тілі мен әдебиеті мамандары арасында ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік байланыс орнату, екіжақты немесе көпжақты кәсіби және мәдени іс-шараларды қолдау, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту. Кездесуде қолға алынған бастамалар Алматы қаласындағы №101 мектеп-гимназиясы мен №150 жалпы білім беретін мектебінде жалғасын тауып, мұндай білім беру орындарымен іскерлік, тәжірибелік және мамандандырылған байланыстарды дамытудың маңыздылығын тағы бір дәлелдеді. Кездесу аясында өткізілген іс-шара кафедра деңгейінде екіжақты және көпжақты байланыстардың жүйелі түрде қолға алынып, сапалық және кәсіби біліктілік тұрғыда жоғары деңгейде орындалып жатқандығын көрсетті.
|