қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.10.2016

Қаз ҰПУ-нің ғимаратында «Нұр Отан» партиясы

Медеу аудандық филиалы жанындағы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы болды

 

     Ағымдағы жылдың 19 қазаны күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғимаратында «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырысты «Нұр Отан» партиясының Медеу аудандық филиалының төрағасы, Медеу ауданының әкімі Жылқыбаев  Ержан  Жұматұлы жүргізді.

Күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының іске асырылу барысы» болды.

 Қатысқандар қатарында, Мемлекеттік кірістерді реттеу басқармасының өкілдері, Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері, Медеу ауданы бойынша Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бастығы Қасымхан Алпысбайұлы қатысты.

Баяндамашылар жиынға жиналғандарға ағымдағы жылдың ішіндегі Медеу ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шаралар жайлы және де осы орайда орын алған заң бұзушылықтар жайлы есеп берді. Атап айтар болсақ, Медеу ауданы прокуратурасының ресми мәліметінде аталмыш ауданың 2 лауазымды қызметкері заң бұзушылық іс-әрекеттке қатысы бар екендігі айтылды. Сонымен қатар, Медеу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшесінің меңгерушісі Алмагүл Әлиқызы ағымдағы жылы мекемеде электрондық кезекке тұру, бейне камералардың орнатылғандығы жайлы және Медеу ауданына қарасты мемлекеттік мекемелерде жемқорлық әрекеттерге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқандығын атап айтты.

 Отырысты қорытындылай келе, Медеу ауданының әкімі Жылқыбаев Ержан Жұматұлы Медеу ауданында жемқорлыққа қарсы кешенді жұмыстардың жүйелі жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етіп, барлық есеп берушілердің атқарып отырған жұмыстарына оң  бағасын  берді. 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі басқармасы