қазақша · русский · english
   
Педагогикалық іс-тәжірибе

 

Педагогикалық практика басталды

 

Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасында бакалавриаттың 3 және 4 курс студенттеріне педагогикалық практика бойынша конференция ұйымдастырылды.

 

Болашақтақ ұстаздар үшін маңызды жаңалық Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы болды. Н.Ә. Назарбаев Жолдауда білім беруге арналған бөлімінде білім беру бағдарламаларының өзекті басымдылығы - үздіксіз дағдылануға,өзгерістерге және жаңа мағлұматты меңгеру қабілеттілігін дамыту екенін ерекше атап өтті. Жолдауда атап өтілген қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрену болашақ филология мамандары үшін маңыздылығы зор міндет болып табылады. Елбасының ұстаздардың жұмысына деген ілтипаты оқытушыларды да, студенттерді де жігерлендіреді.

 

Конференцияда Жолдаудағы міндеттер талқыланып, сондай-ақ, кафедра оқытушылары тарапынан өз тәрбиеленушілеріне тілектер айтылды. Жас ұстаздарды қарсы алуға Ш. Уалиханов атындағы №12 мектеп-гиманизиясынан, біздің өткен жылғы филолог - түлектеріміздің оқушылары келді. Педагогикалық практика өту барысында өздерін жақсы қырынан танытқан Айтолкын Айтмаганбетова және Жансая Рустембекова мектеп ұстаз ретінде жұмысқа шақырылды.

 

3-ші және 4-ші курс студенттері мектепке барар жолдарында қобалжуы болса да, университет берген білімдеріне сенімділік пен болашақта ұстаз болу ықыласы кәсіпқой маман ретінде табысқа жетіуіне кепілдік болатынына сенімдіміз.

 

  

 

  

 

4 курс студенттерінің педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы


2017 жылдың 30 наурызында 4 курс 5В018800 - Орыс тілі мен әдебиеті, 5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығының студенттері педагогикалық практикаларының қорытынды конференциясын өткізді. Мақсаты педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижесін талдау, жинақтау және де дайындықтағы жетістіктер мен кемшіліктерді ескеру.
Студенттерді орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Ж. Әбішева мен педагогикалық іс-тәжірибе жетекшілері Кожакеева Ш.Т., Казкенова А.К., Эглит Л.В., Ломова Е.А. құттықтады.
Студенттер іс-тәжірибені қалай өткендіктерін презентация арқылы көрсетіп есеп берді.
Практиканттар сабаққа дайындықтағы, сабақ өткізудегі қиыншылықтар мен сынақтарды, сонымен қатар есте қалған сәттерін, осы іс-тәжірибеде нені үйренгендіктерін айтты. Презентацияға мұғалімдер мен оқушылардың пікірлері де қосылды. Мұғалімдер студенттердің теориялық дайындықтары, оқып жатқан шығармалардың мәтіндерімен таныстықтары мен орыс тілі мен әдебиетінен әдістемелік дайындықтарына жақсы баға берді.
Әдіскерлері студенттердің іс-тәжірибе барысында дербес дайындалып жоғары дәрежедегі сабақтар өткізіп, оқу, танымдық және тәрбиелік мәселелердің табысты шешімдерін тауып, дидактикалық қағидаларды қолданғандарын атап өтті.
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында практиканттар көрнекіліктер мен ақпаратты байланыс технологияларын қолданды. Оқушыларды дұрыс бағалап, белсенділігін арттырып, жаңа ақпараттарды дұрыс меңгерулеріне шығармашылықпен қатар түрлі әдістер мен амалдар, тәсілдер қолданды.
Профессор С.Ж. Әбішева сөз соңында бұндай педагогикалық іс-тәжірибелер студенттерді қиын да қызық ұстаздық өміріне өтудің қорытынды теориялық кезеңі және педагогикалық университетте білім алушылардың маңызды бөлігі екенін атап айтты.

 

 

№ 12 орта мектебіндегі педагогикалық іс-тәжірибе есебі
№ 35 орта мектебіндегі педагогикалық іс-тәжірибе есебі
Қорытынды конференцияның хаттамасы
Оқушының мұғалім-практикантқа пікірі

 

3 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесінің қорытынды конференциясы өтті.


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 3 курс студенттерінің педагогикалық іс-тәжірибесі сәтті аяқталды.
Нәтижесінде 20 ақпанда қорытынды конференция өткізілді. Әр мектеп өз жұмыс барысы туралы есеп тапсырды. Есепті студенттеріміз қызықты әрі көңілді жеткізді, айта кетелігі қызықты фотоға толы слайдтар арқылы мектепте оқушылардан, мұғалімдерден алған әсерлерімен бөлісіп, ән де орындады.
Есейген қалыпта үшінші курс студенттері сабақтарға оралды. Кафедра меңгерушісі С.Ж. Әбішева, педпрактика жетекшісі Ш.Т. Кожакеева мен әдіскер-оқытушылар мықты ұстаз болуларына тілектестіктерін білдірді.

 

Педагогикалық іс-тәжірибе - өз мамандығыңа тағы бір қадам


2017 жылдың қаңтар айында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының 3-4 курс студенттері педагогикалық іс-тәжірибенің бағдарламаларын меңгеруге кірісті.
Үшінші курстарда практика 4 аптаға, 4 курстарда 3 айға созылады. Артта мектпе пен оқушылармен таныстық, мектеп мұғалімдерінің сабқатарына қатысу, әдіскерлермен кеңес.
Студенттер енді өздері сабақ пен ашық сабақтар өткізуде.
Әр сабаққа тиянақты дайындалып, оқушылармен тіл табыса алғандарына риза. Біреулерге бұл өз таңдауына орнығу болса, екіншілері ұстаздықтың өте қызық жұмыс екенін түсінуде.


Ұстаз-практиканттың эссесі

 

Оқушылардың студенттерге тілектерін сілтеме арқылы көруге болады
http://kaznpu.kz/ru/video/

 

2017 - Педагогикалық практикасы

2017 жылдың 16 қаңтары күні орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 3-4 курс студенттеріне арналған нұсқаулық конференция өтті.
Педагогикалық іс-тәжірибенің жетекешісі Ш.Т. Кожакеева, кафедраның меңгерушісі С.Ж. Әбішеша және әдіскер оқытушылар студенттерді педагогикалық практиканың мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, қажетті ұсыныстар мен есептеме құжаттың тізімдерін берді.
Педагогикалық білім алатын студенттердің өздерін мұғалім рөлінде сомдауы өте жауапты кезеңдердің бірі. Төртінші курс студенттері өздерін сенімдірек, себебі бұл олардың екінші іс-тәжірибесі. Үшінші курс студенттерін «Сабаққа қалай дайындалсам болады? Оқушылар мені тыңдайды ма? Іс-тәжірибені ойдағыдай өткізе аламын ба?» сынды көптеген сұрақтар мазалайды.
Бұл кезеңде оларға әдіскер оқытушылар өз қол ұшын беріп отыратын болады. Болашақ мұғалімдерге жемісті жұмыс пен шығармашылық шыңдалу тілейміз!