қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.06.2021

Универсиада-2021


2021 жылғы 24-30 мамыр аралығында Түркістан қаласында Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде тоғызқұмалақтан ХІ жазғы Универсиада ойындары өтті.

 

Команда құрамына 3 ұл және 3 қыз өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ командасы қыздар арасында жалпы командалық 1-ші орынға ие болды.

 

Қыздар арасында жекелей сында өнер көрсеткен Маханова Нұрсұлу, Қуатова Аружан 1-ші орын алып, алтын жүлдеге ие болды. Жұмабаева Ақсана 2-ші орын алып, күміс жүлдені иеленді.


Ұлдар арсында өнер көрсеткен Құрбан Сұңқар, Серікбай Нурдаулет, және Бақытнұр Талант жалпы есепте 7-ші орынға ие болды.