қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
02.02.2019

«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасы

 

Рухани жаңғыру аясында 2019 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті және негізін қалаушы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында декада өтеді.

 

Декада мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтар көзі ретінде қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген Сара Алпысқызы Назарбаеваның шығармашылық мәнін ашу.

 

Декада міндеттері:

1. Адамзатты рухани дамытудағы С.А. Назарбаеваның адамгершілік идеалдары мәні туралы терең ұғымдарын кеңейту;

2. Ерікті-студенттерді ой, сөз, іс бірлігінде ар-ұжданмен өмір сүруге ұмтылу жауапкершіліктеріне тәрбиелеу.

 

Өтетін уақыты: 5-12 ақпан 2019 жыл

 

Өтетін орны: Достық, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ, 311 кабинет.