Кескіндеме және сурет
Құрметті бейнелеу өнері, сызу, технология және еңбек мұғалімдері! Біліктілікті көтеру және кәсіби білімді арттыру мектеп мұғалімдерін даярлауда оқу үрдісінің ажырамас бір бөлігі. Қазіргі кезде заманауи талапқа сай жаңа технология бойынша кәсіби білім беруде әрдайым біліктілікті көтеру мен кәсіби деңгей талап етіледі. Осыған орай Сіздерді Абай атындағы КазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтында мектеп мұғалімдеріне : «Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек»пәндерінен қайта кәсіби білім беру курсына шақырамыз! Адресіміз: Алматы қаласы, ш.Уәлиханов көшесі, 64 (Төле би көш.қилысы). Курстың аталуы:«Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек»мұғалімдерін қайта кәсіби даярлау Курстың мақсаты:«Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек» мұғалімдерін жаңа бағдарлама бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып көркемсуреттік білім мен эстетикалық тәрбие беру. Курстыңміндеттері: - мектепте оқыту нәтижелерінің қазіргі кездегі талаптарын талдау; - шығармашылық қабілеттері мен бейнелеу дағдыларын қалыптастыру және шеберліктерін дамыту; - кеңiстiк туралы түсiнiктерін, болмысты көркем-бейнелi қабылдауын, әртүрлі түстердің үйлесiмдiлiгiне деген сезiмін қалыптастыру; - бейнелеу сауаттылығының негіздеріне үйрету; - көркем-шығармашылық әрекеттің қарапайым түрлерімен жұмыс істеудің (затқа қарап сурет салу, тақырып бойынша сурет салу т.б.) практикалық дағдыларын қалыптастыру; - заман талабына сәйкес білім мазмұнын жаңартып, жетілдіру.
Курсты тәжірибелі педагогика ғылымдарының докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары, доценттер және магистрлер жүргізеді. Курстың бағасы: 20000 тенге Оқу мерзімі: 10 күн Курс аяқталған соң тыңдаушыларға (72 сағаттық) біліктілігін көтеру туралы сертификат беріледі. Сабақ арнайы безендірілген шеберханалар мен жабдықталған дәрістік аудиторияларда өткізіледі. Курсты ұйымдастырушылардың байланыс телефондары: Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рабилова Зоя Жылгелдіқызы - 87013450337, 87077450337, электронды адресі: zoya.rabilova@mail.ru
Cұраныс міндетті түрде келесі үлгіде қабылданады:
«Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек» мұғалімдерін қайта кәсіби даярлау курсының бағдарламасы Курстың мазмұнына «Бейнелеу өнері» және «Көркем еңбек» мұғалімдерініңкәсіби іс-әрекетін дамытуда қажетті көркемсуреттік білімдімеңгеруге негізделген жаңғыртылған негізгі құзыреттілікті қамтамасыз ететін негізгішартты модульдер енгізілді.
|