қазақша · русский · english
   

 

Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен нормабақылау бөлімі Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым Департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.


Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің негізгі міндеттері:
- Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуына мониторинг жүргізу, ҒЗЖ-ның барлық бағыттары бойынша есептік құжаттарды толтыру;
- Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу;
- Жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу;
- Ғылыми зерттеу мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу;
- Сапа менеджменті жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары үдерісіне мониторинг жүргізу.


Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің қызметі:

- Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына мониторинг, жобалар мен зерттеулердің орындалуына талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесіне жалпылау жүргізу;
- ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер талабын ескере отырып, университетте ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің жүзеге асырылуы бойынша нұсқаулық дайындау;
- Мемлекеттік, салалық және республикалық стандарттар, нормалар мен тәртіптер және басқа нормативтік құжаттардың қолданыстағы нұсқаулығы негізінде ҒЗЖ-ның құжаттарына нормабақылауды жүзеге асыру;
- ҒЗЖ тақырыптары бойынша ғылыми есептерді толтыруға әдістемелік жәрдем жасау;
- Нормативтік құжаттарды пайдалану бойынша кеңес беру және оны ұйымдастыру;
- Есеп беру үшін материалдар дайындау;
- Ғылыми жетістіктер көрмесі үшін материалдар дайындау;
- Жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу;
- Ғылым мен жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу;
- ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер, шетелдік ЖОО-лар ұйымдастыратын отырыстар мен жиындарға қатысу;
- Консалтингтік қызмет көрсету.