қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.06.2021

Вакцинация алу - індетпен күресудің ең тиімді жолы


Әлемдік тәжірибеге сүйенер болсақ, Израиль мен Біріккен Араб Әмірлігі вакцина салдырудан көш бастап келеді. Бүгінде бұл елдерде туризм, сауда, мейрамханалар желісі, шағын және орта бизнес секілді салалары қалыпты жағдайға көшіп, азаматтары күнделікті өмірде пандемияның зардабын шегіп отырған жоқ.


Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация алу процессі 2021 жылғы 1 ақпанда басталып, бүгінгі күні барлық өңірлерде КВИ-қарсы Gam-COVID-Vac («Sputnik V»), QazCovid-in («QazVac»), Hayat-Vax вакциналары кең қолданысқа енді. Жер бетін жайлаған індетті жеңудің ең тиімді жолы ол вакцинация алу. Жаппай екпе алу арқылы біз ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, COVID-19 пандемиясына қарсы тұра аламыз.


Екпе алудың тиімділігі туралы азаматтар арасында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу және бұл жұмысқа медицина мамандарын тарту қазіргі күні өте жауапты іс болып тұр.


Осы орайда, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде департамент және институт директорларымен, құрылымдық бөлімдердің басшыларымен кеңейтілген жиын өткізілді.


Жиын жұмысын университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаев ашып, індетке қарсы екпе алудың маңыздылығына тоқталып өтті. Проректордың мәліметінше, университет қызметкерлері арасынан вакцинация алғандардың саны 27,1 % құраса, білім алушылардың арасында бұл көрсеткіш 6,6 % құрап отыр. Әрине бұл жоғары көрсеткіш емес, алайда екпе алу саналы іс-әрекет болуы тиіс.


Жиын барысында Денсаулық сақтау пунктінің дәрігері Әлия Жаббарханова вакциналау тәртібі мен қазір қолданыста жүрген вакциналардың тиімділігі туралы толыққанды мәлімет берді. Дәрігердің сөзінше қазақстандықтардың 60% вакцинациядан өткен жағдайда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасып, еліміз қалыпты жағдайға көшуге мүмкіндік алады.


Алматы қаласы Медеу ауданы аумағындағы №1 емхананың дәрігері Венера Исмаилова да екпе ектірудің маңыздылығы туралы жан-жақты кеңес беріп, қатысушылар тарапынан түскен сауалдарға тұшымды жауабын қайтарды.


Әкімшілік-шарушалық жөніндегі проректор Ғабит Дулатов университетімізде эпидемиологиялық жағдайды бақылау үшін «Ashyq» қосымшасы іске қосылып жатқандығын атап өтті.

 

Жиын қорытындысы бойынша барлық құрылымдық бөлім басшылары мен институт директорларына ұжым арасында вакциянация алудың маңыздылығы және бұл үдеріс індетті жеңудің оңтайлы жолы екендігін түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі департаменті