қазақша · русский · english
   
Біз туралы
 Сайлаубек Тәукейұлы
Абай атындағы қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры
Медицина ғылымдарының кандидаты
Стадион «Спартак»
a.jan_83@mail.ru

Мамандықтың тарихы 2001 жылы психология-педагогика факультетінде құрылған. 2001 жылдан бастап «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасында 031240-«Бастапқы әскери дайындық және дене мәдениеті» мамандығы болып ашылды. 2004 жылы 050104 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «Жоғары кәсіптік білім» ережелеріне сәйкес бакалавр болып өзгеріске енгізілді. 2010 жылдан бастап 050104-«Бастапқы әскери дайындық» мамандығы жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеруде қорытынды аттестациялаудан табысты өткен тұлғаларға 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі. Осыған байланысты кафедраның тарихы 2007/2008 оқу жылынан бастап «Дене мәдениеті мен бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасы ашылды. 2009 жылы университет Кеңесінің шешімімен «ДМжС және БӘД» факультеті ашылып, факультет базасында жұмыс жүргізді. Кафедра 2013 жылдан бастап, «Өнер, мәдениеті және спорт» институтының құрамына еніп әрі қарай педагогикалық кадрларды дайындауда Білім берудің жалпы міндетті Мемлекеттік стандартына сай қызмет етуде. Қазіргі уақытта кафедраны «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», медицина ғылымдарының кандидаты, профессор, медицина қызметкерлерінің запастағы, майоры Сайлаубек Тәукейұлы басқарып отыр.

ҚР Білім және ғылым министрінің 21 маусым 2010 жылғы №316 «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері мен мамандықтары классификаторларына сәйкестік кестесін бекіту туралы» бұйрығына қосымшалар енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 28 сәуір 2015 жылғы № 248 бұйрығын орындау және түлектердің білім беру құзыретін күшейту мақсатында «Бастапқы әскери дайындық теориясы мен әдістемесі» кафедрасының атауын 2016-2017 оқу жылынан бастап «Педагог-ұйымдастырушы және бастапқы әскери дайындық» болып өзгертілді.

Кафедра 4 бағытта жұмыс жасайды

1. Оқу-әдістемелік жұмысы.

2. Ғылыми-зерттеу жұмыстары.

3. Тәрбие жұмысы.

4. Педагогикалық тәжірибелік жұмыстар. Кафедраның профессор – оқытушылар құрамынның саны – 12, оның ішінде:

2 ғылым докторы, профессорлар, 1 ғылым кандидаты, профессор, 3 ғылым кандидаты, доценттер, 2 ғылым кандидаты, аға оқытушылар, 4 магистр аға оқытушылары қызмет атқаруда.

ПОҚ құрамының ғылыми атақ-дәрежесінің ортақ пайыздық көрсеткіші –56% Кафедрада оқитын студенттердің жалпы саны - 206, оның ішінде: Күндізгі бөлім –198, оның – 23-і мемлекеттік грант; Сыртай бөлім – 8, оның – 3-і мемлекеттік грант;