Алматы қаласы және облысының мектеп директорларының «дөңгелек үстел» мәжілісі
8 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнованың қатысуымен педагогикалық білім беру ұйымдары үшін педагогикалық жоғары оқу орындарында педагог кадрларды даярлау мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізіледі.
«Дөңгелек үстел» жұмысы барысында балалар мен жастардың білім сапасына әсер ететін және педагогтар мен болашақ мұғалімдердің қызметіндегі туындайтын мәселелер талқыланады.
Іс-шара бағдарламасында педагог кадрларды даярлаудың өзекті мәселелері, орта білім мазмұнын жаңартуға байланысты студенттердің білім деңгейінің сапасына қойылатын талаптарды көтеру, мектеп пен ЖОО-ның өзара әрекеттесу жолдары, қазіргі заманғы педагог мәртебесі туралы және педагогика мамандығы түлектерінің кәсіби қызметін жүзеге асырудағы жаңа міндеттері қарастырады.
Өткізілетін орны: Алматы қ. Жамбыл көшесі, 25, 2 қабат, Ғылыми кеңес залы.
Тіркеу сағ. 9.00, іс-шараның басталуы сағ. 10.00