қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.06.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ және Витаутас Великий университеті арасындағы үш мамандық бойынша қосдипломды бағдарламаны жүзеге асыру

 

2021 жылғы 28 маусымда Zoom платформасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева бастаған Педагогика және психология, Өнер, спорт және мәдениет, Филология және көптілді білім беру институттарының, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің және білім беру бағдарламаларын жобалау кафедрасының өкілдері Витаутас Великий Университетінің делегациясымен бірге Білім академиясының канцлері профессор Лина Каминскиене, байланыс жөніндегі проректоры профессор Вильма Бижикиене, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры профессор Илона Казлаускайте,Халықаралық ынтымақтастық және маркетинг бөлімінің бастығы профессор Вайдас Дачиола, Литвалық зерттеулер және халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі профессор Вилма Леонавичиене және музыка жетекшісі профессор Аста Раудувайтамен онлайн-кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында тараптар бакалавриат пен магистратураның келесі үш мамандығы: «Шетел тілі: екі шет тілі», «Бастауыш білім беру» және «Музыкалық білім беру» бойынша қосдипломды бағдарламаны жүзеге асырудың егжей-тегжейлері мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, тараптар іс-шаралар жоспарын және мәлімделген мамандықтарға қатысты қосдиплом бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қосымша келісім-шарттарды әзірлеуді ұсынды.

 

Кездесу нәтижесінде бағдарлама жасаушылардың жеке кездесулері және бірлескен жұмыс нәтижелері туралы қосымша келісімге қол қою ұсынылды.

 

   

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті