Негізгі бет
Жаңалықтар
12.07.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті
Отырыста Кеңестің 2021/2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, бекітілді. Ағымдағы оқу жылының 2-ші семестрінің (көктемгі сессия) қорытындысы шығарылды, соның ішінде академиялық адалдық қағидаттарын сақтау бойынша Тестілеу орталығының басшысы Д.Н. Исабаева баяндама жасады.
Кеңес сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шаралар туралы Өнер, мәдениет және спорт институтын тыңдады. Институт директоры Т.М. Қожағұлов атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Институтқа директордың баяндамасында көрсетілген кемшіліктерді түзету бойынша жұмысты күшейту тапсырылды. Осыған байланысты, барлық институттарға осы отырыстың қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерді ескере отырып, 2021/2022 оқу жылына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттың жұмыс жоспарын әзірлеу ұсынылды.
Университеттің әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі уәкілі С.У. Нұрғисаев «Парасат» орталығының студенттер арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы және академиялық адалдық қағидаттарының сақталуы бойынша әлеуметтік зерттеу (сауалнама) бойынша жүргізген жұмысы туралы есеп берді.
Сондай-ақ Кеңес білім алушыларды, ата-аналарды, оқытушылар мен қызметкерлерді «Парасат» орталығының әлеуметтік желілерінде Instagram (parasat.abaiuniversity), Facebook (parasat.abaiuniversity) ақпараттандыру және кері байланыс орнату мақсатында студенттер мен қызметкерлердің ресми беттерге жазылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру ұсынды. Академиялық мәселелер және білім беруді ақпараттандыру жөніндегі департаменттеріне базалық ресурстарға бөгде немесе бұрынғы қызметкерлер мен оқытушылардың қол жеткізуіне жол бермеу мақсатында офис тіркеушілер бөлімшесінің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамның академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бекітілген нормаларын бұзу жағдайларын есепке алып, кеңінен жариялауды, сайтқа ақпарат орналастыруды, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамның портфолиосына заң бұзушылықты енгізуді қамтамасыз етуді де тапсырды.
«Парасат» орталығы |