қазақша · русский · english
   
Тарих факультетінің ғылыми қызметі

 

Тарих факультетінің ғылыми зертеу жұмысы әр кафедра аяасында жүзеге асырылады және Қазақстан мен шет елдердің көне дәурден қазіргі таңға дейінгі тарихы мен саясаты шеңберінде зерттеу жұмысы жүргізіледі.

 

1934 ж тарих-география факультеті ашылғаннан бастап Ғылыми - зерттеу қызметі дәстүрлі қалыптаса бастады. Факультеттің алғашқы деканы Қазақстан тарихы бойынша тамаша зерттеулердің авторы С. Ж. Асфендияров болды. Республикадағы тарих ғылымдарының алғашқы кандидаты Х.М.Адильгиреев ұзақ жылдар бойы осы факультетте жұмыс атқарды. Әр кезеңдерде бұл институтта Еліміздің ең ірі зерттеуші ғалымдары, сондай-ақ бір топ академиктер А.Панкратов, Е.В.Тарле, П.П.Кунте, С.С.Есова, В.Е.Фаворский, Н.Н.Розенталь, Е.Г.Федоров, А.П.Чижов, А.Н.Коваленко, С.Б.Байтиков, А.И.Кузнецов, И.И.Копылов Ж.А.Кокиев, Е.Б.Бекмаханов, Б.П.Гуревич, В.Лызлов, С.К.Бакшылов, Н.К.Кийкбаев, А.А.Ахметжанов, Ж.Ешмуратов, О.С.Сексенбаев, Т.Ж.Шойынбаев, Ж.К.Касымбаев Т.А.Кошкинбаев жұмыс жасады.

 

Факультеттегі профессор-оқытушылық құрамының 80 пайызының ғылыми дәрежесі бар. Бүгінде тарих факультеті ұжымының оқытушылар саны 87, олардың құрамында 18 ғылым докторы мен 50 ден аса ғылым кандидаттары жұмыс жасайды. Факультеттің ғалымдары ортасында Қазақстан Республикасының ҰҒА және басқа академиялар мен ғылыми қоғам бірлестігінің белді мүшелері бар.
Біздің факультетіміздің қызметкерлері жыл сайын Отандық тарихтың ортақ және нақты мәселелері бойынша мақалалар монографиялар және жинақтар жариялап отырады. 2010 жылы 6 монография жарыққа шықты: Абжанов Х.М., Кенжебаев Г.К. «Тәуелсіз Қазақстан: жоғары білім, ғылым, саясат»; Ирмуханов Б.Б. «Этническая история древнего Казахстана»; Симтиков Ж.К., Мусатаев С.Ш., Сабитова А.А. «Политико-правовая культура гражданского общества»; Мусатаев С.Ш., Қалиев Н.К., Нүкенов А.Н., Сейдин Н.Б. «Хақ пен халық. (Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына он бес жыл толуына орай)»; Өтеулиев С.Қ. «Электронды үкіметті қалыптастырудағы Еуропа елдерінің саяси тәжірибесі»; Сманқұлова Ж.Е. «Тәуелсіз Қазақстанның техникалық кәсіби білім жүйесінің қалыптасуы мен дамуы». 2012 жылы 4 монография жарияланды: Төлеубаева К.М. «Қазақтар және орталық Азия халықтарының отбасылық салт-дәстүрлері (Салыстырмалы - этнографиялық зерттеу)», Тулекова М.К. «Тәуелсіз Қазақстандағы көші қон үрдісі: нәтижесі мен салдары», Байдильдина С. Х. «Өнер-білім ошақтары мен өрендері», Коянбаева Г.Р. и др. (коллективная монография) «Наследие Аль-Фараби и формирование нового интегрального мировоззрения».

 

Жыл сайын факультетте әр түрлі ғылыми конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және тренингтер жүргізіледі. Т.ғ.д., профессор Ж.К.Касымбаевқа арналған факультетте дәстүрлі «Касымбаев оқулары », өткізіледі.

 

2012 жылы факультеттің қызметкерлері 2012-2014 жылдарға қаржыландырылған іргелі ғылыми жобаларға қатысты:
2012 жылы т.ғ.к., доцент Ж.Нурманбетқызы және т.ғ.к., доцент Г.М. Жусанбаева «Қазақстан Республикасының полиэтникалық қоғамында студенттердің толеранттылығын инновациялық әдістер арқылы қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы ғылыми жобаны дайындағаны үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Ректорының грантын иеленді.

Ғылыми зерттеулер бойынша студенттерге арналған ақпараттар
Ғылыми зертеулерді орындау барысында факультет Республикалық жетекші ЖОО тарих кафедраларымен және ғылыми-әдістемелік жобалармен зертеулерді жүзеге асыруға арналған ғылыми орталықтармен байланыстарды қарқынды жетілдіруде. 2010 жыл бойы«Ұлы Жібек жолына- 1000 жыл» Халықаралық бағдарлама шеңберінде ҚР ҰҒА академигі, профессор К.М.Байпаков,. т.ғ.д., профессор С.Жолдасбаев,. т.ғ.д., З.Самашев, т.ғ.д., профессор Ж.К.Таймаганбетов, т.ғ.д., профессор М.Елеуов, т.ғ.к., Ж.Курманкулов тарих факультеті студентерінің алдында дәріс оқыды. Факултеттің ПОҚ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырылатын дөңгелек үстел мен ғылыми конференцияларына белсенді түрде қатысады.

 

Тарих факультетінде орта және жоғары мектептермен байланысқа ерекше назар аударылады. Факультеттің қызметкерлері орта мектеп пен жоғары оқу мекемелеріне арналған Қазақстан және әлем тарихы бойынша әр түрлі оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдары, оқу материалдары жасап шығарды. Мектеп оқулықтары және әдістемелік оқу құралдарының авторлары мына ғалымдар: т.ғ.д.,Г.К. Кенжебаев, т.ғ.д., провессор Х.Г.Халидуллин, т.ғ.к., профессор Тимченко С.В., т.ғ.к., профессор Каирбекова Р.Р., п.ғ.д., профессор Абдугулова Б.К., т.ғ.к., Толеубаева

 

2011ж Тарих факультетінің ПОҚ, т.ғ.д.,Г.К. Кенжебаева жетекшілігімен «E-Learning» Электронды оқыту мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында «Ұлттық білім беру орталығы» АҚ. Бірлесе отырып ҚР БҒМ тапсырысы бойынша орта мектептерге арналған Сандық білім беретін қорлар(ресурстар) құруға қатысты. Жұмыс топбы құрамында: п.ғ.д., профессор Б.К.Абдугулова, т.ғ.к., доцент К.М.Толеубаева, т.ғ.к., доцент С.Х .Байдильдина, т.ғ.к., доцент Т.Т.Далаева, п.ғ.к., аға оқытушы Ахатаева Г.Б., т.ғ.к., аға оқытушы Жусанбаева Г., т.ғ.к., доцент Р.Р.Оспанова, жұмыс жасады.