қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
06.08.2021

Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

 

Ағымдағы жылдың 6 тамызында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Дархан Біләлов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Меморандумның мақсаты ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық орнату және дамыту, бірлескен іс-шаралар өткізу, діндер, мәдениеттер мен өркениеттердің өзара әрекеттесуі бойынша диалог платформалары мен пікірталас алаңдарын ашу.

 

Ортақ жұмыс бағыттары мен басымдықтарды ескере отырып, Орталық пен Университет конфессияаралық және этносаралық келісімнің бірегей қазақстандық үлгісін халықаралық деңгейде ілгерілету бойынша халықаралық конференциялар, тақырыптық көрмелер ұйымдастыруды сынды ортақ жобаларды жүзеге асыруда ынтымақтасуға ниетті. Тараптар Орталық базасында университеттің студенттері мен магистранттары үшін кәсіби тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастырып, академиялық ынтымақтастықты дамыту үшін барлық күш салуға келісті. Ағымдағы жылы Орталық жасаған меморандумдарды іске асыру шеңберінде Орталық ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың қатысуымен бірқатар халықаралық және аймақтық іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Н.Назарбаев Орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев Орталықтың жетекші әлемдік және отандық білім беру мекемелерімен, ғылыми -зерттеу институттарымен және сарапшылармен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтіп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - ұлттық ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарының бірі, ол жоғары кәсіби педагогтарды ғана емес, сонымен қатар әр түрлі ғылыми бағыттағы жас ғалымдарды дайындаумен айналысатынын баса айтты.

 

Атап айтқанда, Болат Сәрсенбаев Дархан Біләловты ҚазҰПУ ректоры қызметіне кірісуімен құттықтап, оған Н.Назарбаев Орталығының Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған шаралар кешенін жүзеге асыруы, 2021 жылғы Съез Хатшылығының ХІХ отырысы мен 2022 жылғы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне дайындық жоспарлары туралы хабардар етті.

 

Өз кезегінде ректор Дархан Біләлов өзара қызығушылық тудыратын салалардағы бірлескен іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыруға, конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

 

Кездесу барысында конфессияаралық келісімді орнатуда тиімді шешімдер табуға бағытталған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық бастамаларын ілгерілетудегі Н.Назарбаев орталығының негізгі мақсаттары мен міндеттеріне ерекше назар аударылды.

 

06.08.2021 ж.

Ақпарат көзі: religions-congress.org