қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.08.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясымен ынтымақтастығы 

 

 

 

2021 жылғы 17 тамызда Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының федерациясының вице-президенті Серкан Аязбаевпен кездесті. Іс-шараны ұйымдастырушы - Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика ғылымы және мұғалімдерді даярлау жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасы.

Кездесу барысында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның міндеттері түрлі бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Тараптар жастар арасындағы мәдени, әлеуметтік, гуманитарлық даму, білім беру және ғылыми процесс саласына қызығушылық танытты.

Іс-шарада Қазақстандық ЮНЕСКО Клубтар федерациясының Бас хатшысы Әсемгүл Қапарова клуб жобаларының жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Абай университетінің проректоры Ақтолқын Құлсариева және білім беру және мұғалімдерді даярлау саласындағы ғылым жөніндегі ЮНЕСКО департаментінің меңгерушісі Анар Танабаева тұрақты даму мақсаттарын қазіргі уақытта іске асырудың маңыздылығы туралы өз пікірлерін білдірді.

 

Кездесу ынтымақтастықтың басымдықтары мен маңызды ауқымды жобаларды айқындаумен аяқталды.