Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
20.08.2021 Абай университетінің ұжымы депутат Жұлдыз Сүлейменовамен кездесті
Іс-шара барысында білім және ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды: жаңа мектептердің басшыларын және олардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларын, әдіскерлерді даярлау, педагогикалық практиканың жаңа әдістерін қалыптастыру, робототехника, STEM-білім беруді дамыту, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты жою, Абай атындағы ҚазҰПУ базасында мектептерді басқару және көшбасшылық бойынша біліктілікті арттырудың арнайы курстарын ұйымдастыру, Университеттің үздік түлектерін шетелдік жоғары оқу орындарында оқыту, инклюзивті сыныптарды ашу, олардың негізінде білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға жағдай жасау және оларға қажетті психологиялық қызмет көрсету.
Қазіргі таңда тәрбие мәселелері бірінші орында болғандықтан, тәрбие жұмысымен айналысатын мектеп кадрларын оқыту және қайта даярлау педагогикалық жоғары оқу орындары арқылы жүзеге асырылуы қажет екені айтылды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Дархан Біләлов мектептер үшін білім беру кадрлары мен көшбасшыларын даярлау мәселелерін шешудің маңыздылығын, инклюзивті білім беру бағдарламалары бойынша мұғалімдерді даярлауды қамтамасыз ету, мұғалімдердің біліктілігін арттыру, мектеп директорларын оқыту қажеттілігін атап өтті. Ректор университеттің инновациялық білім беру бағдарламаларын құру бағытындағы көзқарасын, профессор-оқытушылар құрамының, білім беру мекемелері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру мүмкіндіктері және ҚР жоғары білім беру саласын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді.
Біздің жоғары оқу орнында шынымен де ғылыми мектеп пен мықты кадрлар бар. Мектеп директорларын даярлау - болашағы зор бағыт. Абай университеті үшін еліміздің бірінші жоғары оқу орны және педагогикалық саланың драйвері ретінде отандық білім беруді дамытудың ауқымды жоспарларын іске асыруға өз үлесін қосу тек құрметті ғана емес, сонымен қатар жауапты міндет.
Жоғары білім беру саласындағы көшбасшылықтың халықаралық практикасы қарапайым мұғалімдердің жұмысы, балаларды оқыту мен тәрбиелеу, сондай-ақ мекеменің барлық инфрақұрылымы байланысты мектеп басшыларын дайындауға бағытталған. Жасыратыны жоқ, мұғалім көшбасшылық позицияға ауысқан кезде, ол көбінесе білім беру саласындағы менеджмент мәселелерінде дайындықтың жетіспеушілігімен байланысты қиындықтарға тап болады.
Жұлдыз Сүлейменова бүгінгі күннің басты міндеті - ел мектептері үшін сапалы мұғалімдерді дайындау екенін атап өтті.
Жаңа мектеп директорларын университеттерде сапалы білім алған білікті мамандардан іріктеу керек. Еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы Абай атындағы ҚазҰПУ осындай кадрларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыруды ұйымдастыруға белсенді қатысады деп сенеміз, -деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева педагогикалық кадрларды даярлау мәселелері университеттің даму стратегиясына енгізілгенін, жаңа формациядағы мұғалімдерді даярлау бойынша бірқатар іске асырылып жатқан жобаларды атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша партия өкілдері мен шараның басқа қатысушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-ды одан әрі дамыту мақсатында бірлескен іс -шараларға дайын екендіктерін білдірді.
20.08.2021 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz
|