қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.08.2021

«Цифрлық педагог - 2» Жазғы онлайн-мектебінің бірінші легі басталды


Оқу процесін цифрлық және дәстүрлі форматтарда тиімді ұйымдастыру үшін Тестілеу орталығының басшысы Даража Исабаеваның жетекшілігімен 2021 жылдың 23 тамызында «Цифрлық педагог-2» Жазғы онлайн-мектеп ұйымдастырылды. Оған дәріс оқу және мастер-класстар өткізу үшін Математика, информатика және физика институтының оқытушылар құрамы мен Тестілеу орталығының қызметкерлері тартылды. Бұл онлайн-мектепке біздің университеттің 180-ге жуық профессорлары мен оқытушылары қатысуда.

 

Жазғы мектеп жұмысында көптеген тартымды онлайн-платформалар қолданылатын болады. Атап айтқанда, «MS Teams педагогикалық өзара әрекет құралы ретінде», «Қашықтық курсының педагогикалық дизайны», «MS Teams-тегі төңкерілген сынып», «Интерактивті мазмұнды құрудың цифрлық құралдары: canva.com, power point + class point», «Онлайн режиміндегі жобалық жұмыс (Квест, уақыт лентасы)», «Бақылау және бағалау платформалары: Wordwall», «Oqylyq қашықтан оқыту жүйесі».

 

Сонымен қатар, практикалық жұмыстар барысында интерактивті оқытудың әртүрлі құралдарын зерттеуге, оқу нәтижелерін қалыптастыру мен бағалауға арналған құралдарға ерекше көңіл бөлінеді, олардың көмегімен ақпарат жинақтауға және оны оқу нәтижелерімен қалай байланыстыруға болатындығы туралы біліктілік қалыптастырады.