қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.08.2021

  

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!


Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

 

Қазақстанның басты құжаты әлемдік озық тәжірибені, сондай-ақ тарихи және ұлттық дәстүрлерді қамтиды, халық бірлігінің және мемлекетіміздің тәуелсіздігінің берік іргетасы болып табылады.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Осының арқасында біз еліміздің дамуындағы Тұрақтылық, Келісім мен Өркендеу жолымен сенімді түрде қадам басып келеміз.

 

Барлық қазақстандықтардың мақсаты - сапалы экономикалық өсу, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз ету, олардың өмір сүру деңгейін жоғарылату, сондай-ақ мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіру. Мұның бәрі ҚР Конституциясының, соның ішінде білім алу құқығына қатысты баптары қамтамасыз етеді. Жоғары сапалы білім және оның нәтижесіндегі адами капиталдың жоғары сапасы Қазақстанға алға жылжуға, экономиканың барлық салаларын, соның ішінде қуатты ғылыми әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.

 

ҚР Конституциясы күні біз үшін әрқашан бірліктің және Отанымыздың бүгіні мен болашағы үшін бірлескен жауапкершіліктің символы болатынына сенімдімін. Сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық, бақыт және береке тілеймін. Мереке құтты болсын!

 

Құрметпен,

ректор Дархан Біләлов