қазақша · русский · english
   
Біз туралы

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-де 1993 жылы Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар ашылды. 22 жыл уақыт аралығында университет қабырғасынан мыңнан аса шетел түлектері дайындық топтарында, баклавриатта, магистратурада білім алды.
Бегалиева Сауле Баязқызы, Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры. 
Қазіргі уақытта кафедра ұжымы 12 оқытушыдан тұрады. Ғылым докторлары мен кандидаттары, доценттер мен профессорлар шетел азаматтарына қазақ және орыс тілдерін үйретуде. Кафедрада қабырғасынан Корей Республикасынан, Қытай Халық Республикасынан, Түркиядан, Монголиядан, Мысырдан, Сауд елінен, Ираннан, АҚШ-тан, Франциядан, Вьетнамнан келген студенттер білім алуда. Кафедра студенттері университеттің қоғамдық шараларына белсенді қатысады.
Кафедра түлектері оқуларын ары қарай магистратура, аспирантурада жалғастырып магистерлік, докторлық диссертацияларын қорғауда, елшіліктерде аудармашы болып жұмыс істейді, университет пен мектептерде оқытушы қызметін атқарып жүр.
Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында Қазақстан еліндегі Хорватия елшісі, Корей елінің елшісі, ОБСЕ халықаралық ұйымының өкілдері, Қытай ұлттық мұнай компанияларының қызметкерлері білім алған.
Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы өзінің оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметін келесі бағытар аясында жүзеге асырады: 
1. Орыс тілі мен әдебиетін шет тілді аудиторияда оқыту: теориясы мен практикасы. 
2. Орта мектепте орыс тілінін оқыту әдістемесі, жаңа буынға арналған оқулықтарды дайындау;
3. Көптілді білім беру кеңістігінде тілді жақсы меңгерген тұлғаны дайындау. 
2012-2015жж. аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-ң оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және оқу-ғылыми бөлімінің Рейтингтік бағалау қорытындысы бойынша кафедра 3 жыл қатарынан 1 орында.