қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.11.2016

«Кім жүйрік?...» велошеруі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ұйымдастыруымен «Нұрлы үмітін арқалаған STUDENTS LIVE» атты студенттік апталық аясында 2016 жылдың 12 қарашасы күні «Спартак» стадионында «Кім жүйрік?...» атты велошеруі өткізілді. Спорттық шара студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, қаламыздың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында  өткізілді. Сонымен қатар, велошеру Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің ұсынған «Almaty Bike» жүйесін қолдап, велосипедпен жүрудің адам ағзасына пайдасы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру идеяларын қолдаудың бір көрінісі болғанын айғақтатады.

Салтанатты әрі көңілді шараға университетімізден 100-ге жуық студент-жастары қатысты. Велошерудің ерекше идеясы салауатты өмір салтын ұстанушы жастар арасында жоғары қолданысқа ие болды. Шара «Спартак» стадионы алаңында өткізілді. Спорттық-мәдени шараға қатысқан университет студенттері патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі - онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді ұлықтады. Жастардың айтуынша бұның өзі қосымша біріктіруші фактор есебінде болған.

Велошеру велоспорттың бірнеше түрінен өткізілді. Атап айтар болсақ, қыздар арасында 100 және 500 метрлік велоспринт, ұлдар арасында 1000 метрге жарыс ұйымдастырылып, сайыс түрлерінен жеңімпаздар анықталды. Рет-ретімен келер болсақ, қыздар арасында 100 және 500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып, Жаратылыстану және география институтының студенті Пархат Айшуақ жетті. Жігіттер арасында 1000 метрге созылған велокросс сайысының жүзден жүйрігі болып Жаратылыстану және география институтының студенті Тағаев Ихтияр атанды.

Велошеруді ұйымдастырған университетіміздің Жастар ісі жөніндегі комитетінің қызметкерлері шара соныңда барлық қатысушыларға спортқа деген ұмтылыстары мен белсенділіктері үшін алғыстарын білдіріп, белсенді студенттерді арнайы «Алғыс хаттармен» марапаттады.

Жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, қала әкімшілігінің бастамасын қолдауға бағытталған мұндай шаралар жақын болашақта елімізде велоспорттың танымалдылығын арттыратыны анық.  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы