Халықаралық туризм магистры, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институты, Қазақстан географиясы және экология кафедрасының аға оқытушысы 09.05.1975 ж. Алматы қаласында туған. Еңбек өтілі - 22 жыл, мамандық бойынша - 20 жыл.
1996 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «География-туризм» мамандығын үздік дипломмен бітірген, 1998 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінің «Халықаралық туризм» мамандығы бойынша магистратурасын үздік бітірген; 2011 жылы Экономика және құқық Академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірді, қазіргі кезде Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығында және Қырғызстан халықаралық университетінің PhD докторантурасында «Туризм» мамандығы бойынша оқып жатыр.
Келесі ғылыми зерттеулермен шұғылданады: Қазақстан және шекаралас аумақтарының туристік-рекреациалық әлеуеті; Қазақстанда туризм мен рекреациянын дамуы; Қазақстанның физикалық географиясы; Өлкетану; Ландшафттану.
Жүргізетін пәндері: Қазақстанның физикалық географиясы, Рекреациялық география, Кәсіби бағытталған шет тілі, Кәсіби орыс тілі, Өлкетану, Экономика және тұрақты даму (ағылшын тілінде), Ландшафттану, Экологиялық туризм, Туризмдегі бухгалтерлік есеп, Туризмдегі жарнама іс-әрекеті, Туризмдегі менеджмент, Туризм маркетингі. Пәндерді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізеді.
Жетістіктері:
70-тен астам ғылыми еңбектері бар, сонын ішінде импакт-фактормен «The ecological component of tourism development in the region», 2017 ж. Сонымен қатар, Қазақстанның физикалық географиясы, Ландшафттану, Рекреациялық география, Кәсіби бағытталған шет тілі пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары авторларының бірі. «Геоэкология және табиғатты қорғау. Тест тасырмалары» оқу-әдістемелік құралының авторы, 2007 ж.
2011 жылдан бастап А.А.Остапец-Свешников атындағы «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану Академиясы» Халықаралық қоғамдық ұйымының корреспондент-мүшесі (Мәскеу қ.); 3-ші категория экскурсоводы; И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің
Құрметті доценті (Бішкек қ.); біліктілікті арттырудан 50 сертификаты бар.
Біліктілікті көтеруден өтуі (соңғы 5 жылда):
1. Туристік кәсіпорындар басшыларының біліктілігін арттыру. Алматы қ., Наурыз 2013 ж. Қазақстан туристік қауымдастығы.
2. Халықаралық симпозиум «Қазақстан-2050: Стратегиясы және латын әліпбиіне көшу үрдісі». Алматы қ. 6.06.-8.06. 2013 ж. шет тілдер және іскерлік карьера университеті.
3. А.А.Остапец-Свешников атындағы «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану Академиясы» Халықаралық қоғамдық ұйымының корреспондент-мүшесі дипломы. Мәскеу қаласы, 30.11.2013 ж.
4. Роль и задачи массового туристско-краеведческого движения в воспитании и оздоровлении населения. Мәскеу қаласы, 30.11.-01.12. 2013 ж. А.А.Остапец-Свешников атындағы «Балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану Академиясы».
5. Педагогика окружающей среды, безопасности и здоровья человека (проф. С.В.Алексееваның авторлық дәріс курсы) 29.11.-13.12.2013 ж., Санкт-Петербург қ..
6. Қазақ спорт және туризм академиясында туризмнан біліктілікті арттыру 10.02.-26.02. 2014 ж. (Қазақ спорт және туризм академиясы, Алматы қ.).
7. Seminar of New technology in Eduсation. Алматы қ., Ақпан, 2014 ж. Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages Teacher (Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынас және әлемдік тілдер университеті).
8. Оқу орындарында туризм және өлкетану жұмысы бойынша ұйымдастырушыларды дайындау. Алматы қ., Наурыз 2014 ж. Қазақ спорт және туризм академиясы.
9. Семинар «Развитие въездного и внутреннего туризма в Республике Казахстан» (Қазақстан Республикасында кіру және ішкі туризмді дамыту). Алматы қ., Мамыр, 2014 ж. Қазақстан туристік қауымдастығы.
10. А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Н.Д. Андрееваның: «История и методология экологического образования»; «Теория, методика и технологии обучения экологии» («Экологиялық білім берудің тарихы мен әдіснамасы»; «Экологияны оқытудын теориясы, әдістемесі мен технологиясы») тақырыптарындағы дәрістер курсы 06.10.-18.10.2014 ж. (Абай атындағы ҚазҰПУ).
11. Новосибирск Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, б.ғ.д. Р.И.Айзманның «Современная психофизиология в образовании» («Білім беруде қазіргі заман психофизиологиясы») модулі бойынша біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысу. Қараша, 2014 ж. Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті.
12. Certificate of attendance course «Teaching Techniques Development» 24.11.-03.12.2014 ж. Polytechnic University of Valencia («Өрлеу» біліктілікті көтерудің Ұлттық орталығы).
13. Certificate for participation in Science Direct and Scopus Training (тренинг). Алматы қ. 26.11. 2014 ж. Elsevier.
14. «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының оқытушыларының біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары. Алматы қ., Желтоқсан, 2014 ж. «Өрлеу» біліктілікті көтерудің Ұлттық орталығы.
15. Scientific and research internship on Tourism. Turkey 2-31 August, 2015, Akdeniz University.
16. Attendance to the following Turkish Higher Institutions 2-31 August, 2015. Turkey, Akdeniz University.
17. А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Н.Д. Андрееваның: «Методологические подходы к развитию инновацонных технологий в образовании» («Білім берудегі инновациялық технологияларды дамытудың әдіснамалық амалдары») тақырыбындағы дәрістер курсы. 13-31 қазан 2015 ж. (102 сағат). А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік педагогикалық университеті (Абай атындағы ҚазҰПУ).
18. Венгрия, Эгер қаласының К.Эстерхази атындағы университеті Туризм факультетінің профессоры Лорант Давидтың «Actual problems of modern science on tourism: theoretical and applied aspects» ( «Қазіргі заманғы туризм ғылымының өзекті мәселелері: теориялық және қолданбалы аспектілері») тақырыбындағы дәріс курсына қатысу (Esterhazy Karoly University of Applied Sciences Dr. habil. habil. Lorant Denes David), 4.06.2016 ж., Астана қаласы.
19. И.Н.Ульянов атындағы Ульянов мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, б.ғ.к. В.И.Кирпичевтың «Охрана окружающей среды и здоровье» («Денсаулық пен қоршаған ортаны сақтау») тақырыбындағы дәрістер курсына қатысу, 15-30 қараша 2016 ж. (72 сағат).
20. А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.д. В.Г.Сусловтың «Современные направления модернизации школьного географического образования. Общие вопросы методики преподавания школьной географии» («Мектеп географиялық білімін жаңғыртудың қазіргі заманғы бағыттары. Мектеп географиясын оқыту әдістемесінің жалпы сұрақтары») тақырыбындағы дәрістер курсына қатысу, 28 қараша-10 желтоқсан 2016 ж. (72 сағат). А.И.Герцен атындағы Ресей Мемлекеттік педагогикалық университеті, Санкт-Петербург қаласы.
21. И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университетінің профессоры, г.ғ.д. Т.М.Чодураевтың «Природные аспекты устойчивого развития Центральной Азии» («Орталық Азия тұрақты дамудың табиғи аспектілері») тақырыбындағы дәрістер курсына қатысу, 28 қараша-10 желтоқсан 2016 ж. (72 сағат). И.Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік университеті, Бішкек қаласы.
22. «Проблемы совершенствования управления природными и социально-экономическими процессами на современном этапе» («Қазіргі кезеңде табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды жетілдіру мәселелері») Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу, 5-6 маусым 2017 ж. Қырғыз Республикасы, Чолпон-Ата қаласы.
Ғылыми қызығушылығының аясы: рекреациялық география, өлкетану, Қазақстанның физикалық географиясы, ландшафттану, туризм.