қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
17.09.2021

ХІХ - ХХІ ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы

 

2021 жылдың 15-ші қыркүйек күні ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Рухани жағыру» идеялары бағдарламаларының контекстінде Қазақстан Республикасындағы толерантты, көпмәдениетті және интеллектуалды қоғамды қалыптастыру мақсатында ЖТН AP08857194 «ХІХ - ХХІ ғ.ғ. басындағы қазақстандық бейнелердің тарихы мен визуалды антропологиясы: эволюциясы мен субъектінің қалыптасуы» жобасы аясында дәрістер циклы басталды.

 

Алғашқы дәріс қазақстандық Отбасы күнінеорай Алматы қаласының музеинде«ХХ ғасырдағы отбасы тарихы -визуалды деректердегі көрінісі» тақырыбында өтті. Жоба жетекшісі, т.ғ.к., доцент Т.Т.Далаева кіріспе сөз сөйледі. PhD докторы Д.Б. Асымованың дәрісіне Тарих-география білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қатысты. Пандемияға байланысты Zoom платформасына тыңдаушылардың онлайн байланысы да ұйымдастырылды. «Алжир» мемориалды-музей кешенінің қызметкерлері, Шымкент қаласының саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің қызметкерлері, мұғалімдер мен студенттер онлайнқатысты.

 

Дәріс барысында визуалды бағытының әдістемелік мәселелері көтерілді. Лектор әлеуметтік тарихтың микро-тарихи әдістерін қолдана отырып, ХХ ғасырдағы отбасылық фотосуреттерді талдады.

 

Дәрістер 2021 жылдың 02 қазанына дейін жалғасады. Келесі дәріс 18 қыркүек күні сағат 16.00 -де өтеді, лектор т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылхожин, дәріс тақырыбы «Социокультурный контекст обретения исторической субъектности казахстанского социума».