қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері «Халықарлалық Туризм күніне» орай

«Фурманов» шыңын бағындырды


2021 жылы 22 қыркүйекте Жаратылыстану және География институтының оқытушылары Расул Кудебаев, Ақбота Бекен, Мадина Серіктің жетекшілігімен «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтарының 2-3 курс студенттері 27 қыркүйек күні болатын «Халықарлалық Туризм күніне» орай «Фурманов» шыңын бағындырды.


Студенттер шыңды бағындыру барысында тауға шығу ережелерімен, тау этикетімен танысып, көптеген ақпараттар алып қана қоймай, таудағы қоқыстарды тазалап, қоршаған ортаны сақтауға ат салысты. Олар күндерін таза ауада денсаулыққа пайдалы ғана емес, көтеріңкі көңілде, әрі қызықты өткізді.