Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
23.09.2021 QS Graduate Employability Rankings-2022: Абай университеті рейтингте топ-501+ қатарына енді
Бүгін Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі әлем университеттерінің түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша QS Graduate Employability Rankings-2022 рейтингіcінің жыл сайынғы есебін жариялады. Абай университеті осы рейтингке алғаш рет қатысып, әлемнің 550 университеттері арасында 501+ орынға ие болды. Айта кету керек, университеттер рейтингіне қатысқандардың жалпы саны 679.
Рейтингке 8 Қазақстандық ЖОО қатысқанына қарамастан, тек үш университет (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ) «QS Graduate Employability Rankings» қорытынды кестесіне енгізілді. Abai University - түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша осындай маңызды рейтингке енген жалғыз педагогикалық жоғары оқу орны екенін мақтанышпен айтуға болады.
Университет «Жұмыс берушілер мен студенттердің өзара іс-қимылы», «Жұмыс берушілермен әріптестік» көрсеткіштері бойынша 201+ орынды, ал «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Түлектердің табыстылығы» көрсеткіштері бойынша әлемде 301+ орынды алады.
Абай университетінің бұл рейтингтегі орнықтылығы оның мектептермен жоғары деңгейдегі тығыз байланысының барлығы мен «Mansap» орталығының түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жолға қойғандығының арқасында мүмкін болғанын атап өткен жөн. Осылайша, біздің университет ТМД елдерінің арасында педагогикалық білімнің көшбасшысы болуға тағы бір қадам жақындады.
Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымын жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!
23.09.2021ж. Ақпарат көзі: dalanews.kz |