қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.09.2021

Мектептегі көшбасшылықты арттыратын курс өтті

 


20-24 қыркүйек аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Мектептегі көшбасшылық және тиімді басқару» курсы өтті. Оған Алматы облысы Білім басқармасының және Қарасай ауданының білім бөлімінің мектеп директорлары мен басшылығы қатысты.

 

Курсты спикер ретінде ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері, 2010-2011 жылдары Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің магистратурасын «Білім саласындағы көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған, 2018 жылдан бері Уорик университеті (Ұлыбритания) Білім саласын зерттеу департаментінің зерттеуші-ассистенті, PhD-докторант, Білім беру саласындағы зерттеулердің Еуропалық конференциясының (ECER) әлеуметтік стипендия иегері Анар Мұхтарова және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Уорик университетінде Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған, Қазақстандағы ұстаздардың көшбасшылығы (TLK-ҚҰК) бағдарламасын талдауға байланысты жобаның ғылыми көмекшісі болған Арайлым Солтанбекова жүргізді.

 

Курс барсында «Білім саласындағы көшбасшылық теорияларға кіріспе», «Білім саласындағы зерттеу әдістеріне кіріспе: практикалық қолданыс», «Жалпы білім беретін мектепті басқарудың бірінші жылында кездесетін қиындықтар: Қазақстан білім жүйесіндегі шағын зерттеу», «Білім саласындағы өзгерістердің мектеп деңгейінде орнығудың негізгі кезеңдері: әр кезеңдегі мектеп директорының әрекеті», «21-ғасыр мектеп директорының рөлдері және құқықтары» тақырыптары кеңінен талқыланып, тыңдаушылардың назарына ұсынылды. Курс соңында барлық тыңдаушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ сертификаты табысталды.

 

 

24.09.2021ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com