қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.09.2021

Мектептегі көшбасшылық және тиімді басқару

 


 

Абай университетінде орта білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру мақсатында «Мектептегі көшбасшылық және тиімді басқару» курсы өтті. Курсқа Алматы облысы Білім басқармасының және Қарасай ауданының білім бөлімінің мектеп директорлары мен басшылығы қатысты.


Курсты спикер ретінде тәжірибелі сарапшылар ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері, 2010-2011 жылдары Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің магистратурасын «Білім саласындағы көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған, 2018 жылдан бері Уорик университеті (Ұлыбритания) Білім саласын зерттеу департаментінің зерттеуші-ассистенті, PhD-докторант, 2021 ж. Білім беру саласындағы зерттеулердің Еуропалық конференциясының (ECER) әлеуметтік стипендия иегері Анар Мұхтарова және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Уорик Университетінде Білім берудегі көшбасшылық және менеджмент бойынша магистр дәрежесін алған, Қазақстандағы ұстаздардың көшбасшылығы (TLK-ҚҰК) бағдарламасын талдауға байланысты жобаның ғылыми көмекшісі болған Арайлым Солтанбекова жүргізді.

 

Курс барсында білім саласындағы көшбасшылық теориялар мен зерттеу әдістері, жалпы білім беретін мектепті басқарудың бірінші жылында кездесетін қиындықтар, Қазақстан білім жүйесіндегі шағын зерттеулер, білім саласындағы өзгерістердің мектеп деңгейінде орнығудың негізгі кезеңдері: әр кезеңдегі мектеп директорының әрекеті, 21-ғасыр мектеп директорының рөлдері сияқты өзекті тақырыптар кеңінен талқыланды. Курс соңында барлық тыңдаушыларға Абай атындағы ҚазҰПУ сертификаты табысталды.

 

 

24.09.2021 ж.

 Ақпарат көзі: aikyn.kz