қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.09.2021

«Ғылыми мақала дайындауда және оны жариялауға журналдарды іріктеуде Scopus базасын қолдану» семинары


2021 жылғы 29 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен профессор-зерттеуші Жанна Хамзина және постдокторант Талғат Қилыбаев Zoom платформасында «Ғылыми мақала дайындауда және оны жариялауға журналдарды іріктеуде Scopus базасын қолдану» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Онлайн-кездесуге университет әкімшілігі, профессор-оқытушылар құрамы, Phd докторанттар, магистранттар қатысты. Вебинар барысында жоғары рейтингті журналдарға мақалалар дайындау кезеңдері, мақалаға қойылатын талаптар, зерттеушілер жиі кездесетін кедергілер туралы ақпарат беріліп, Scopus базасын журналдарды іріктеуде тиімді құрал ретінде қолдану тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар спикерлер «бұрыс» (хищник) журналдарды анықтау жолдарымен бөлісті.


Кездесуге қатысушылар семинар тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды.