Негізгі бет
Жаңалықтар
07.10.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ -да ЭЖМ Білім беру институтының білім беру бағдарламаларының меңгерушісі Т.Ховенсонмен кездесу өтті
Кездесу барысында Т.Е. Ховенсон Экономика жоғары мектебінің магистратура және аспирантура бағдарламалары, дуальді және қосдипломды оқыту бағдарламаларының мүмкіндіктері туралы сөз етті. Сонымен қатар, қос тарап Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттарын ЭЖМ-де оқыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Экономика жоғары мектебінің Педагогика және білім беру саласындағы бірқатар бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың серіктесі болып келеді: енді Қазақстанның магистрант-педагогтары үшін ЭЖМ-де гранттық оқу және беделді магистрлік диплом алу мүмкіндіктері ашылмақ.
|