Негізгі бет
Жаңалықтар
11.10.2021 «Ұстаздың жанған жүрегі» конкурсының қорытындысы
2021 жылдың 9 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн-форматта Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздың жаңған жүрегі» құттықтаулар конкурсы өтті.
Іс-шараны Білім беру ғылымы мен мұғалімдерді дайындау бойынша ЮНЕСКО кафедрасы, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналы, «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы мен Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Конкурсқа Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан колледждері мен жоғары оқу орындарының мектеп оқушылары мен бірінші курс студенттері қатысты. Қазылар алқасына мектеп оқушылары, мұғалімдер мен оқытушылар - «Zhas Izdenister» халықаралық ғылыми - білім беру жобасының мүшелері қатысты. Конкурсқа қатысушылар құттықтауларды суреттер, әлеуметтік желілердегі бейнелер мен жазбалар түрінде ұсынды. Көптеген туындылар шығармашылық көзқарасымен, орындалуымен және қызықты мазмұнымен ерекшеленді.
Қазылар алқасының шешімімен Алматы қаласы № 46 гимназияның «Экспромт» театр студиясының оқушылары Гран-при жүлдесімен марапатталды.
Үздік туындылар әр ұйымдастырушы номинациялары бойынша бірінші-үшінші дәрежелі дипломдармен және лауреат дипломдарымен марапатталды.
1. Абай атындағы ҚазҰПУ-ның ЮНЕСКО кафедрасы номинациясы бойынша: 1 дәрежелі диплом: - 5 «М» сыныбы, Балашиха қ. № 11 гимназия, Мәскеу облысы, Ресей. 2 дәрежелі диплом: - 6 «Д» сыныбы, Балашиха қ. №11 гимназия, Мәскеу облысы, Ресей; - Ада Азизова, Баку қ. № 251 мектеп, Әзірбайжан. 3 дәрежелі диплом: - 3 «Е» сыныбы, Балашиха қ. № 11 гимназия, Мәскеу облысы, Ресей; - Буняд Исмаил, 10 сынып, Хырдалан қ. № 9 мектеп, Әзірбайжан; - Игорь Чуканов, 7 сынып, Балашиха қ. № 11 гимназия, Мәскеу облысы, Ресей. Лауреат дипломы: - Shahir Akhtary (Ауғанстан), 1 сынып, Алматы қ. № 117 мектеп.
2. Абай атындағы ҚазҰПУ Ппедагогика және психология институты номинациясы бойынша: 1 дәрежелі диплом: - Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Өнер» колледжі. 2 дәрежелі диплом: - Бабаева Муштари, 1 курс, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» БББ (қ/б), Абай атындағы ҚазҰПУ. - № 1 топ, 1 курс, «Педагогика және психология» БББ (қ/б), Абай атындағы ҚазҰПУ. 3 дәрежелі диплом: - № 2 топ, 1 курс, «Педагогика және психология» БББ (қ/б), Абай атындағы ҚазҰПУ; - № 3 топ, 1 курс, «Педагогика және психология» БББ (қ/б), Абай атындағы ҚазҰПУ; - Хасенова Аяжан, 1 курс, «Педагогика және психология» БББ (о/б), Абай атындағы ҚазҰПУ.
3. Алматы қаласы білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының номинациясы бойынша: 1 дәрежелі диплом: - 5 «Г» сыныбы, Алматы қ. № 96 орта мектеп. 2 дәрежелі диплом: - 5 «Е» сыныбы, Алматы қ. № 198 мектеп; - Ким Валерия, 9 сынып, Алматы қ. № 99 орта мектеп. 3 дәрежелі диплом: - Айдарұлы Дамир, Сағымбай Нұрай, 8 сынып, Алматы қ. № 191 орта мектеп; - Исмаил Фаришта, Прохоренко Ангелина, Жадырасын Абай, Ахтамова Шахзада, 11 сынып, Алматы қ. №117 орта мектеп; - Ким Али, Айтакова Айша, 9А сыныбы, Мухамедова Сати, 8 «А» сыныбы, Кадиров Раджаб, Ұланқызы Нұрай, Мұстафаева Милена, 7 «А» сыныбы, Малдыкан Аружан, Мулдагалиева Айсулу, 10 «А» сыныбы, Алматы қ. № 189 орта мектеп. Лауреат дипломы: - Қанатов Аслан, Нұржігітов Нұрәлі, 8 «А» сыныбы, Алматы қ. № 191 орта мектеп; - Кармысова Асем, 3 сынып, STEAM мектебі, 3 Cambridge; - Тоқсанбаев Эмир, 6 сынып, Алматы қ. № 130 гимназия.
4. «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының номинациясы бойынша: Бейнеқұттықтаулар: 2 дәрежелі диплом: - Логунова Татьяна, 8 «А» сыныбы, Алматы қ. «Lakeview School» ББМ. Лауреат дипломы: - Герцог Виктория, Луканина Алина, Валяева Алиса, Ежова Анна, 8 «А» сыныбы, Алматы қ. «Lakeview School» ББМ. Суреттер: 1 дәрежелі диплом: - Сағымбекқызы Арайлым, 5 «А» сыныбы, Алматы қ. № 191 жалпы білім беру мектеп. 2 дәрежелі диплом: - Сағымбекқызы Аяулым, 5 «А» сыныбы, Алматы қ. № 191 жалпы білім беру мектеп. 3 дәрежелі диплом: - Ким Валерия, 9 сыныбы, Алматы қ. № 99 жалпы білім беру мектеп.
|