қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.10.2021

Халықаралық ғылыми жоба аясында

Жоғары экономика мектебімен (Мәскеу қ.) ынтымақтастық

 

2021 жылдың 4-9 қазаны аралығында Жоғары экономика мектебінде (Мәскеу қ., Ресей) ЖЭМ ҒЗУ мен ҚазҰПУ бірлескен жобасы бойынша «Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруды зерттеу құралының қазақ нұсқасын әзірлеу» тақырыбында бастауыш сынып оқушылары арасында тестілеу өткізу үшін қазақ тіліндегі материалдарды дайындау жөніндегі семинар өтті.

 

Экономика жоғары мектебінің қызметкерлері Е.Ю. Карданова, А. Самодерженков және Филология және көптілді білім беру институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Самал Серикова және PhD, аға оқытушы Алия Онгарбаева «Бастаудың» қазақ тіліндегі нұсқасын енгізді: олар әзірленген мәтіндерді, тапсырмаларды және тестілеуге арналған дыбыстауларды жүктеді, Алматы қ. Ш. Уәлиханов ат. №12 гимназияның бірінші сынып оқушыларымен сынақ тестілеуін өткізді. Осы мақсатта когнитивтік зертхана құрылып, 6 бала қазақ тіліндегі цифрлық контентті сынақтан өткізді. Тестілеу сәтті өтті.

 

Келесі міндет - оқу дағдысының қалыптасуын анықтау үшін қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сыныптарының жүздеген оқушысын дайындалған құралдың көмегімен тестілеуден өткізу.