қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.10.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы «Жыл мұғалімі» грантының иегері атанды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы Айжан Нүсіпбекова «Жыл мұғалімі» гранты мен құрметті атағына ие болды.

 

Әріптестер талантты педагогты шын жүректен құттықтайды және осы жоғары кәсіби атақтың жарқын жалғасы оның ғылым мен жастарды оқытудағы тамаша жетістіктері болатынына сенімді.