қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.10.2021

«Педагог қызметіндегі MS Teams платформасы» курстары офлайн және онлайн режимінде өтуде

 

2021 жылдың 12 қазанынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тестілеу орталығы профессор-оқытушылар құрамына арналған «Педагог қызметіндегі MS Teams платформасы» курстарын офлайн және онлайн форматта жүргізуде. Бұрын курстар әр институт үшін арнайы бекітілген кесте бойынша қашықтан өткізілетін.

 

Кез келген оқытушы өзіне ыңғайлы бос уақытын көрсетіп, келесі сілтемедегі форма: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSffIRE8UH2MH-rN2yOthsl_GWzjoCoEOSJCDIYBNKea0Z6igw/viewform бойынша курсқа жазылады. Оқытушының бос уақытына сәйкесінше профессор-оқытушыларды офлайн режимде оқытуға арналған курс кестесі: https://docs.google.com/spreadsheets/d/1VwoxepMTj9kktDywU0jMMUkGSpZ8HAxdhODKv4XrBG4/edit?usp=sharing жасалады.

 

Курстың негізгі мақсаты - профессор-оқытушылар құрамының оқу процесін сапалы ұйымдастыру мақсатында MS Teams платформасын пайдалану білімі мен дағдыларын дамыту.

 

Курс бағдарламасы:

1. Microsoft Teams интерфейсін орнату және танысу.

2. Team-да командаларды (виртуалды сыныптар) құру және орнату.

3. Командаларға қосылу.

4. Сыртқы пайдаланушылармен (қонақтармен) жұмыс.

5. Жиналыстардың параметрлері мен мүмкіндіктері.

6. Жиналыстарды жоспарлау (сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар, консультациялар).

7. Командалардағы рөлдер, арналармен жұмыс;

8. Microsoft Teams-та бірлескен жұмыс.

9. Microsoft Teams-та байланыс ұйымдастыру.

10. Рефлексияны ұйымдастыру және сауалнамалар құру.

11. MS Teams-те тапсырмаларды құру, тағайындау және тексеру.

12. MS Teams-тегі цифрлық ізді талдау.

13. Кездесуге қатысу тізімін жүктеу.

14. Бағалау журналы.

15. Цифрлық белсенділікті талдау.

16. Insights құралы.