Негізгі бет
Жаңалықтар
25.10.2021 «Біздің балалар» қайырымдылық акциясы
2021 жылдың 11-23 қазаны аралығында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен, «Мейірім» клубының ұйымдастыруымен бас ми ісігі (амавроз - көз көрмеуі) ауырына шалдыққан Қарлығаш есімді он жасар бүлдіршіннің еміне қаржылай көмек көрсету мақсатында онлайн және офлайн түрде «Біздің балалар» қайырымдылық акциясы жүрді.
Шара барысында Жаратылыстану және география институты, Тарих және құқық институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Филология және көптілді білім беру институты, Математика, физика және информатика институтының ұжымы, профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастары белсенділік танытып, үлес қосты.
23 қарашада акция аясында жиналған - 712 381 мың тенгеге жуық қаражат, науқас бүлдіршіннің ата-анасына Педагогика және психология институты директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Даулен Идрисовтың, «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Қияқбаеваның, «Мейірім» клубының жетекшісі Гулбахира Ширинбаеваның және 6В01801 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша ерікті-студенттердің қатысуымен табысталды.
«Мейірім» қайырымдылық клубы қолдауға мұқтаж бүлдіршінге көмек көрсетуге ұмтылған барлық мейірімді жандарға шын жүректен алғыс білдіреді. Үлкен рахмет!
«Мейірім» еріктілер клубы |