қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.10.2021

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбындағы презентация

 

2021 жылдың 22 қазанында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» тақырыбындағы презентация өтті. Аталған іс-шарада Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Алия Сайлаубекқызы баяндама жасады.

 

Презентация ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы міндеттерді іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына арналды. Кездесу барысында қазақ тіліне аударылған С.Г. Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабы таныстырылды.

 

Тұсаукесерге оқытушылар мен студенттер белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты.

 

    alt=