Негізгі бет
Жаңалықтар
25.10.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ынтымақтастығы
ХХІ ғасырдың жаһандық сын-қатерлері Қазақстандағы білім беру жүйесін үнемі жетілдірумен және ғылымды дамытуға инновациялық идеяларды енгізумен өзекті болып отыр. Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2021-2023 жж. арналған «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» республикалық бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы ауқымды салалық ғылыми жобасын жүзеге асыру үшін Назарбаев университетінен, Абай атындағы ҚазҰПУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазҰлтҚызПУ, Қарағанды медицина университеті және басқа да жоғары оқу орындарын Қазақстанның зерттеуші-ғалымдарының үлкен ғылыми коллаборациясына біріктірді.
Біздің университет еліміздің білім беру жүйесін жаңғыртуға өз үлесін қосу мақсатында ҚР Бас педагогикалық жоғары оқу орны ретінде ауқымды жобаға үлкен қызығушылықпен қатысып отыр.
2021 жылғы 21 қазан айында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында аталған бағдарлама аясында аралық есептерді және зерттеу нәтижелерін талқылауға арналған барлық жобалық командалардың кездесуі өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ жобалық тобының есебін профессор Ұлжарқын Әбдіғапбарова табысты баяндады, есеп ғалымдардың жоғары бағасы мен мақұлдауына ие болды.
|