қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.10.2021

Жаңартылған білім мазмұны жағдайында географияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру әдістемесі

 

2021 жылдың 25 қазанында Біліктілікті арттыру және қашықтан білім беру орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында географияны оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыру әдістемесі» тақырыбында ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсын «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламалары бөлімінің доценті Шолпан Карбаева өткізді.

 

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты - педагогтар мен мұғалімдердің кәсіби өзіндік жетілуін қамтамасыз ету және жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқытудың практикаға-бағдарланған инновациялық технологиялар үлгісін көрсету болып табылады.

 

Біліктілікті арттыру курсына Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институты «География, қоршаған орта және қызмет көрсету саласы» білім беру бағдарламалары бөлімінің профессор-оқытушылары мен магистратура және PhD докторантура деңгейіндегі білім алушылар қатысты.

 

Біліктілікті арттыру курсы жоспарға сәйкес 2021 жылдың 29 қазанына дейін жалғасады.